Тамыздың 18 күні «Ақ жол» партиясының лидерлері Астана және Алматы қалаларына ҚР Парламенті мәжілісі және мәслихаты депутаттарын сайлауда дауыс берді.
Баспасөз хабарламасы, 18 тамыз 2007ж.
Тамыздың 18 күні «Ақ жол» партиясының лидерлері Астана және Алматы қалаларына ҚР Парламенті мәжілісі және мәслихаты депутаттарын сайлауда дауыс берді. «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменов және партия төраға орынбасары Мақсұт Нәрікбаев өздерінің азаматтық парыздарын Астандағы Ж152 сайлау учаскесінде өтеді.
-Көңіл күйіміз өте жақсы. Біз сайлау кампаниясын нәтижелі өткіздік. Партияның аймақтағы белсенділері сайлау алды тұғырнамамыздың басты қағидаларын елге жеткізе отырып, үгіт-насихат жұмысын өте жақсы ұйымдастырып, өткізе білді, - деді Әлихан Байменов, - Осы жолғы кампанияның ерекшелігі БАҚ барлық партиялардың қызметін әділ әрі біркелкі көрсете білді. Біздің пікірімізше әрі тәуелсіз сараптама қорытындысына қарағанда, «Ақ жол» партиясы үшін 7 пайыздық тұғырдан өту қиындық емес. Парламент мәжілісінің жаңа шақырылымында біздің партия абыройлы көріне алады.
Сонымен бірге «Ақ жол» партиясының лидерлері осы сайлау науқанының ұйымдастыру жағынан жоғарғы деңгейде өтіп, пропорционалды сайлау жүйесіне өту саяси бәсекелестік сапасын арттырғандығын айтты. «Ақ жол» партиясы да сайлау науқаны кезінде жүйелі жұмыс жүргізіп, бір айдың ішінде «Ақ жол» партиясына өтуге мыңнан астам өтініш түскен.
- Заңгер ретінде айтарым, бұл сайлау кампаниясында заң бұзушылықтар аз тіркелді. Шетелдік бақылаушылар да өрескел заң бұзушылықтың болмағандығын айтады. Бұл елдегі саяси мәдениеттің артып, қазақстандықтардың құқықтық деңгейі жыл сайын өсе түскендігін байқатады деді Мақсұт Нәрікбаев.
«Ақ жол» партиясының төраға орынбасарлары Людмила Жуланова Астана қаласындағы Ж88 сайлау учаскесінде, Бөріхан Нұрмұхамедов Ж77 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Біздің байланыс телефондарымыз: 8 (3272) 43- 62- 11,
8 701 343 63 76, 8 777 236 22 56
akzholpress@mail.ru
www.akzhol.kz
Leave a Reply
You must be logged in to post a comment.