Бүгін «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменов пен партия төрағасының орынбасары Людмила Жуланова Мәжіліс сайлауының ресми қорытындысына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз хабарламасы, 23 тамыз 2007 ж.

Тамыз айының 23 күні «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Әлихан Байменов пен партия төрағасының орынбасары Людмила Жуланова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап Мәжіліс сайлауының ресми қорытындысына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.

Партия көшбасшылары сайлау қорытындысына байланысты өздерінің ұстанымдары 19-тамыздағы партияның Президиумының Мәлімдемесімен сәйкес келетіндігін айтты. Олар сайлау заң бұзушылықсыз өтті деген ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Орталық сайлау комиссиясының берген бағасымен келіспейді. Партия жетекшілері жоғарыдағы мемлекеттік мекемелердің сайлау кезінде әртүрлі аймақтарда көптеген заң бұзушылықтар мен өрескел бұрмаланушылықтар орын алғанын елемеуіне өкініш білдіреді. Осыған байланысты партия лидерлері тамыздың 24-де болатын Орталық Кеңес Президиумының кеңейтілген отырысында орын алған жағдайға байланысты және сайлаудың ресми қорытындысына қатысты мәселелерді талқылайтын болады. Сонымен бірге «Ақ жол» партиясы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне байланысты ұстанымын қайта қарайды. «Билік бірінші кезекте Мәжіліс сайлауындағы заң бұзушылықтарды мойындау керек», Г деді «Ақ жол» партиясының жетекшілері.

«Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі Байланыс телефондары: 8 (3172) 32-09-93; 23-61-26

Leave a Reply

You must be logged in to post a comment.