«Ақ жол» партиясының жетекшісі ЕҚЫҰ-ның сайлауды бақылау жөніндегі өкілімен кездесті

Баспасөз хабарламасы, 20 тамыз 2007ж.

Тамыздың 20-күні «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Әлихан Байменов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс сайлауды байқау (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) жөніндегі миссиясының басшысы Елші Любамир Копаймен кездесті.

Кездесу барысында Әлихан Байменов пен Елші Любомир Копай кезектен тыс Мәжіліс сайлауының қорытындылары туралы ақпаратпен алмасты.

Өз кезегінде «Ақ жол» партиясының жетекшісі өткен сайлаудың қорытындысын мойындамайтындығын жеткізіп, дауыс санау барысында аймақтарда өрескел бұрмаланушылық орын алғанын айтты. Сонымен бірге Әлихан Мұхаммедияұлы өткен сайлау Қазақстанның саяси дамуына кері қадам болды дей отырып, Елші Любамир Копай мырзаның қолына сайлау кезінде болған заң бұзушылық фактілер мен хаттамалардың көшірмесін берді.

«Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі Байланыс телефондары: 8 (3172) 32-09-93; 23-61-26

Leave a Reply

You must be logged in to post a comment.