«Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменовтің партия төрағасының орынбасары Мақсұт Нәрікбаевтың мәлімдемесіне байланысты ҰСТАНЫМЫ

Құрметті әріптестер!

Тамыздың 19-да «Ақ жол» партиясының Орталық Кеңесі Президиумы ҚР Орталық сайлау комиссиясының жариялаған сайлаудың алдын ала қорытындысына байланысты Мәлімдеме жасады. Осыдан кейін Президиум басқа шешім қабылдаған жоқ.

Сонымен бірге партия жетекшілері және партияның әрбір мүшелері өздерінің жеке пікірін, жеке көзқарасын айтуға, жеке бағасын беруге құқылы. Мүмкін, Мақсұт Сұлтанұлы биліктің механизімін, сот жүйесінің іс-қимылын жақсы білетін өмірлік тәжірибесінен кейін осындай қадамға барып отырған болар. Оның үстіне соңғы күндері аймақтардағы біздің мүшелерімізге, оның ішінде жеке кәсібі бар азаматтарымызға, мемлекеттік мекемеде қызмет істейтіндерге қысым күшейіп отыр. Мүмкін Мақсұт Сұлтанұлы осындай мәлімдеме жасау арқылы әкімшілік қысымды азайтамын деп ойлаған шығар.

Осыған байланысты тамыздың 24-де Орталық Кеңес Президиумының кеңейтілген отырысы жоспарланып отыр. Онда біз бірнеше мәселелер қарамақпыз, оның ішінде сайлауда бұрмаланған деректердің деңгейіне және сайлаудың қорытындысына тағы да баға береміз. Сайлаудың ресми қорытындысына ұстанымымызды анықтаймыз, партия мүшелеріне үндеуді, сонымен бірге сайлаудан кейінгі бірнеше ұйымдастыру жұмыстарын талқылаймыз.

Сол себептен аймақтағы филиалдардың басшылары Президиумның Мәлімдемесін біздің әрбір үйлестірушілерімізге, мүшелерімізге жеткізуі қажет. Егер Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаевтың мәлімдемесіне байланысты сұрақтар туындаса, тамыздың 24-де Президиумның кеңейтілген отырысында басқа мәселелермен қоса осы мәселе де талқыланады. Ал қазір сайлау учаскелері комиссиясынан хаттамалардың барлығын алуға күш салу керек және бұрмаланған фактілерге байланысты соттарға арыздар әзірлеп, сайлаушылардың мүддесін қорғау үшін жұмыс істеуіміз керек. Орталық штаб сайлау барысында бұрмаланған заң бұзушылықтарға байланысты аймақтардан келіп түскен материалдарды жинақтап, қорытындылау қажет.

Осыны пайдалана отырып, Мен, біздің белсенділерімізге қиын жағдайға қарамастан сайлау кезінде партияны және біздің үміткерлерімізді қолдап жан аямай қызмет еткені үшін шынайы алғысымды жеткізгім келеді.

Біздің идеяларымыз Қазақстанның мүддесіне жұмыс істейді және әрі қарай да жұмыс істей береді деген сенімдемін.

Құрметпен «АҚ ЖОЛ» демократиялық

партиясының төрағасы Ә.Байменов

Leave a Reply

You must be logged in to post a comment.